«Жас сақшы»: полиция сыныбы оқушыларына арналған дәріс өтті

 

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және болашақта құқық қорғау саласына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен кездесу өткізді.

Дәріс барысында полиция қызметкерлері оқушыларға алаяқтық қылмысының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу кезінде оқушылар белсенділік танытып,  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Тәртіп сақшылар жасөспірімдерге заңды сақтау, тәртіпті болу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңызын атап өтті.

 

 

Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге және құқық қорғау органдарына деген оң көзқарасты нығайтуға бағытталған.

Мұндай профилактикалық және танымдық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

 

Руслан БАҒЫТОВ,

Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілдері полиция капитаны

Исатай ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT