Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың талапшылдығы мен талғампаздығына ерекше тоқталып, олардың ой-пікіріне құрметпен қарау қажеттігін атап өтті. Бұл – бүгінгі қазақстандық жастардың қоғамдағы рөлін дұрыс бағалаудың айқын көрінісі.
Қазіргі жастар ақпаратты тез қабылдайды, әлеуметтік желі арқылы елдегі және әлемдегі үдерістерді саралап, өз көзқарасын ашық білдіреді. «Қазақстан прайм-дәуірге қадам басты» деген пікірлер де – сол үміт пен сенімнің, ел болашағына деген оң көзқарастың белгісі. Мұны орынсыз қуаныш емес, керісінше, жастардың елге деген жауапкершілігінен туындаған азаматтық ұстаным деп қабылдаған жөн.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы атап өткендей, жастардың қиялға берілмей, нақты өмірге бейім болуы – аса маңызды. Виртуалды кеңістіктегі жетістікке ғана емес, шынайы еңбектің нәтижесіне ұмтылу, тәртіп пен табандылықты өмірлік қағидаға айналдыру – бүгінгі жас ұрпақ үшін басты міндет.
Камилла КАКИМҚЫЗЫ


