Атырауда күдіктілер екпе алып жатыр

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған тұлғаларды күзгі тұмаудың алдын-алу мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде.

Айта өту керек, вакцина тек қана келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынады.

- Басты мақсатымыз – тұмаудың алдын-алу болып табылады. Өйткені күз мезгілінде жұқпалы аурулар өршіп, вирустың белең алатын кезеңі,-дейді мекеменің дәрігері Рамила Куншигарова.

Екпе жұмыстары мәжбүрлі түрде емес, қамауда отырған тұлғалар не сотталғандардың өз рұқсаттарымен жүргізілді. Басты талап тұлғалардың аталған екпені алуға денсаулықтары жарамды болып, созылмалы аурулары болмауы шарт. Бүгінгі таңда 100-ден астам күдіктіге екпе жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521