Алаш арысына тәу етті

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

«Жалау Мыңбайұлының ерлігі туралы көп­ айтуға болады. Ол Қырғыз автономиялық Рес­пуб­ликасының атқарушы комитетінің басшысы ре­тінде автономиялық республикаға еліміздің «Қа­зақ Республикасы» деген төл атауын қайтарды. Пар­тиямыздың саяси бағдарламада дәл осындай­ талап бар. Біз оны ресми түрде 2019 жылы Парламент мінберінде ашық түрде айттық. Біздің пікірімізше, тәуелсіз мемлекеттің атауы жерге емес, елдің атына байланысты болу керек, яғни Қазақ Республикасы. Ол кезде Үкімет оны қолдамады, бі­рақ біз ерте ме,­­ кеш пе соған келеміз. Ол тари­хи­ әділеттілік деп са­н­аймыз», деді А.Перуашев жи­нал­ған­ қауым алдында.

Партия лидері, сонымен қатар «Ақжолдың» сая­си­ бағ­дарламасын таныстырып, атқарған жұ­мыс­­тар туралы баяндады.

«Біз соңғы рет Парламентте 12-ақ депутат бол­дық, 107 депутаттың арасында. Дауыс берген­ кезде өте маңызды мәселелерде азшылықта қалсақ та,­ бастамаларымыз 10 жыл, кейде 7-8 жыл өткен соң­ да іске асып жатыр. Осындайда Әлихан Бөкей­ханның «Тірі болсам, қазақ халқына қызмет қыл­май қоймаймын» деген сөзі еске түседі», деді пар­­тия төрағасы.

Жиын барысында сөз алған партия төрағасының орын­­басары Қазыбек Иса «Ақжолдың» өзгелерден ерек­шелігін атап өтті.

«Қасиетті Маңғыстау өлкесіне – Пір Бекет бас­та­­ған 362 әулиенің еліне, Үшқиянның жеріне таба­ны­мыз тиіп тұр. Қарт Каспийдің жағасында ер Жа­лаудың ескерткішіне тағзым еттік. «Ақ жол» пар­тиясының басқа партиялардан, басқа қоғамдық ұйым­дардан айрықша ерекшелігі ұлттық мүддені қор­ғайтын «Алаш» идеясын ту етіп ұстап, ұлттық идея ретінде ұстап ұлттық мүддемізді қорғап келе жатқан партия екенін білесіздер. Ұлттық идеологияны ту етіп ұстаған партия болғандықтан, биыл сайлаудың жорығын Алтын Орданың атасы, қазақ хандарының бабасы – Жошы ханнан, қасиетті Ұлытаудан бастадық. Енді қасиетті Маңғыстау еліне де табанымыз тиді», деді ол.

Одан кейін штаб мүшелері Қамқор-Машзавод кәсіпорнының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT