«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев елорданың 113 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Партия жетекшісі сайлауға отбасымен келді.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы, Үкімет басшысы және Сенат төрағасы тағы да басқа тұлғалар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауларын жасады.
ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.
19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.