«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы және Президенттің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19-қаңтардағы No 105 Жарлығы негізінде 2023 жылдың 19-наурызына Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды.
Сайлау заңындағы жаңа өзгерістер, атап айтқанда 15-1 бабы, яғни Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Осы заңның 10 бабының 4 тармағына сәйкес ауданда он бір сайлау округі құрылып, олардың шекаралары нақтыланып, комиссия құрамы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтар күнгі 188-ҮІІ санды шешімімен қалыптастырылды, аудандық газетте, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында жарияланды.
Ауданымыз бойынша 11 сайлау округі бар, әр сайлау округінен бір депутаттан сайланады, яғни 11 депутат. Бірақ әр сайлау округінен депутаттыққа түсетін кандидаттар санына шектеу қойылмайды. Сайлау округтері халық са- нына байланысты құрылды. Мәселен, Исатай мен Зинеден ауылдық округтерінен бір депутат сайланады. Тиісінше, аудан орталығында халық санының көптігіне байланысты 4 сайлау округі, оның ішіне Томан елді мекені де кіреді, Тұщықұдық пен Қамысқала ауылдық округтерінде 2 сайлау округтерінен құрылып отыр.
сурет:ашық дереккөз