Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армения Республикасынан 2 және Грузиядан 2 байқаушы – аталған мемлекеттердің орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ, Франция Республикасынан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті Елші мырза мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз