Сапаға мән берілуге тиіс

«Respublica» партиясының сайлауалды туры Қызылорда облысында жалғасып, кандидаттар Шиелі ауылының тұрғындарымен кездесті. Партия мүшелері мен кандидаттар сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталып, жергілікті тұрғындардың пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Кездесуде жергілікті тұрғындардың бірі партия өкілдеріне бүгінгі таңда еліміздегі ауыл мұғалімдерінің білім беру келешегі мен мүмкіндіктері туралы сауал қойды.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау ауыл мұғалімдерінің мәртебесін қаламен теңес­тіру керектігін айтты. Сонда ауылға қоныс аударушы­лардың да саны артатынын жеткізді. «Біріншіден, қағазбастылықтан бас тарту керек. Олар ауылдағы мұғалім болсын, дәрігер болсын, бюрократиялық мәселелер мен әлеуметтік жағдайына алаңдамай,  тікелей жұмысымен ғана айналысуы керек. Сонда ғана білім беру мен медициналық қызметтің сапасы мықты болады», деді С.Тау.

Бұдан кейін ұйымдастырылған кездесулерде сапалы білім, мәдени мұра, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты маңызды мәселелер көтерілді.

«Қызылорда облысында тау-кен өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия өнер­кәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі айтарлықтай қарқынды дамып келеді. Бұл – жүздеген және мыңдаған жұмыс орнын ашатын биз­несті дамытудың перспективалы бағыттары. «Respublica» партиясы ретінде біз кәсіпорындардың технологиялық дамуын жақтаймыз, сондықтан сапалы жұмыс орындарын құруға және инновацияларды енгізуге бар күшімізді саламыз», деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

– Әрқайсымыз өмірімізді Қазақстанмен байланыстырамыз. Бұл – біздің Отанымыз, біз оны қастерлеп, оның дамуына жан-жақты атсалысуымыз керек. Елдің дамуы үшін ең алдымен адам капиталы бірінші орынға шығуы қажет. Сайлауалды бағдарламамызда әрбір азамат сапалы білім, сапалы медициналық көмек алып, лайықты жұмысқа тұруы үшін еліміздің қандай жолдан өтуі керектігін нақтылап бердік. Ал Мәжіліс депутаты бола отырып, біз осы айтылғандардың барлығының орындалуын жеделдетеміз», деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521