Социал-демократтар идеясы ұтымды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Ажар Сағындықова мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жастармен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды.

Бүгінде мәдениет мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Кітапханашылар, мұрағатшылар, әртістер, мұражай қызметкерлері бюджет саласы өкілдерінің арасында ең төменгі жалақы алып отыр. Бұл ретте, партияның сайлауалды бағдарламасында мәдениетке ерекше көңіл бөлінген. ЖСДП балалар мен жастардың бұқаралық спорты мен мәдени бос уақытын тегін дамыту арқылы толыққанды мәдени, шығармашылық және спорттық тұлғаны дамытуды қамтамасыз ету қажет деп санайды.

Бұдан бөлек, кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының өзге де басым бағыттарын баяндады.

– Қазақстанда билік халыққа тиесілі болуы қажет. Еліміз жалпыхалықтық гүлдеу үшін қажетті барлық алғышарттарға ие. Бірақ, өкінішке қарай, олигархат пен жемқорлық тамырының тереңге кеткені сон­шалық, мемлекетіміздің дамуына қатысты эко­номикалық және әлеуметтік күн тәртібінде тұрған көптеген жүйелі мәселе ушығып отыр. Еліміздің барлық дерлік бағыттағы дамуы бойынша біз шенеу­ніктердің жарқын болашаққа қатысты бітпейтін уәделеріне толы әдемі саяси баяндамаларын көріп отырмыз. Жылдар өтеді, уәде етілген уақыт таяғанда бастапқы бағыттан бас тартуға түрлі сылтаулар табылады. Қарапайым азаматтар болса, жыл сайын кедейлене түсуде, еліміздің ағымдағы даму деңгейі және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 25 пайыздық азық-түлік инфляциясы осының тікелей айғағы. Мақсатымыз – халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыру. Бұл – партияның Парламент Мәжілісінің сайлауына түсудегі басты себептерінің бірі. Қазіргі жағдайдан мемлекетіміз тек социал-демократия идеясы арқылы шыға алатынына сенеміз. Әлеуметтік тәртіп түбегейлі қайта қарастырылуы қажет. Бүгінде біз қоғам, бизнес және мемлекетті тепе-теңдік жағдайына қайтаруымыз керек. Біз әр шешім азаматтарымыздың игілігіне жұмыс істеп, пайдасына асырылатын әлеуметтік-жауапты тәртіпті орната алатынымызға сенеміз, – деді ол.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521