Тері өңдеу ісі толғандырады

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Тараз қаласының еңбек ұжымдары және тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында партия мүшелері жергілікті тұрғындарды сайлауалды бағдарламаларымен кеңірек таныстырды.

Штаб мүшелері «Тараз КожОбувь» ЖШС-ның былғары өндірісі мен аяқкиім цехтарының жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Серіктестік – былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқкиім шығаратын ірі өндіруші және тері өңдеуден бастап, да­йын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар жалғыз отандық кәсіпорын. Екі өн­­ді­рісте де 500-ден аса қызметкер жұмыс іс­­тей­ді. Компанияның басшысы Бауыржан Найзақұловты «Ақ жол» партиясы Тараз қаласы мәс­лихаты де­пу­таттығына кандидат ретінде ұсын­ды.

– Бірнеше жыл бұрын осында келгенде, кәсіпорын негізінен Семейден шикізат сатып ала­тын, бірақ кейін Семейдегі зауыт банкротқа ұшырады. Сондықтан кәсіпкер былғары өндірісін өзі құрып, дайын өнім шығару үшін терілерді ауылдағы шаруашылықтардан сатып алуға мәж­бүр болды. Мұндай кәсіпкерлерді қорғап, қолдау қажет. Сонымен қатар киім-кешек пен аяқкиім инфляцияға және халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін тауарлар, – деді Азат Перуашев.

Жиын барысында зауыт басшылығы бірқатар түйткілді мәселеге тоқталды. Мысалы, ескірген техника, өндіріс іске қосылғанға дейін шегерімі бар инвестициялық несиелендірудің жоқтығы, фермерлер мен ауыл тұрғындарынан тері сатып алуға берілетін субсидияның тоқтап қалуы сияқты проблемалар көтерілді. Кадр мәселесі де өзекті болып тұр.

Жұмысшылар несие өсімі, баға тұрақсыздығы, баспананың қолжетімсіздігі туралы ойларын айтты. А.Перуашев кәсіпорын мен еңбек ұжымын қолдайтынын айтып, парламентте «Ақ жол» фракциясы құрылғаннан кейін бұл мәселелерді Үкімет алдында көтеруге дайын еке­нін мәлімдеді.

Штаб мүшелері Тараз қаласының тұрғын­дарымен де кездесті. Партияның саяси бағ­дар­ламасы таныстырылғаннан кейін еркін пікір­алмасу өрбіп, партия төрағасы жиналған қауым­ның сұрақтарына жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521