Жаңа кодексті қабылдауға мүдделі

Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық филиалының үгіт-насихат тобы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ұжымымен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар теміржолшыларды партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Партия өкілдері Әділетті Қазақстанның басты байлығы адам екенін атап өтті. «Халық партиясы – социал-демократиялық бағыттағы саяси күш. Ол халықтың мүддесін білдіреді. Жаңа Қазақстанға жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет», деді Астана қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Дархан Рамазанов.

Партия еңбек адамын үнемі назарда ұстайды. Партия жаңа Еңбек кодексін қабылдауды талап етеді. «Жүк тасымалы саласында нәзік жандардың да ең­бек ететінін білеміз. Әйелдерге 63 жасқа дейін жұ­мыс істеу оңай емес. Сондықтан біз әйелдерді 58 жас­та зейнетке шығаруды талап етеміз», деді Парла­мент Мәжілісіне кандидат Нұрдәулет Оразханов.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ирина Смирнова Көкшетаудағы «Евразия групп Қазақстан» компаниясының ұжымымен кездесіп, жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

И.Смирнова партия елде қалыптасқан жүйені өзгертуді талап ететінін, ал халық сапалы медицина мен білімге қол жеткізгісі келетінін айтты. ҚХП сайлауалды бағдарламасында жастарды тұрғын үймен қамту ұсынылған. Ол үш санат бойынша жүзеге асады. Біріншісі – кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй. Баспананы жалға алу мерзімі – 14 жыл. Екіншісі – ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен қолжетімді тұрғын үй. Баспананы сатып алу мерзімі – 14 жыл. Үшіншісі – ҚХП бағдарламасына сәйкес келетін басқа құрылыс салушылардан жаңа баспана және қайталама нарықтағы тұрғын үй. Мұнда да ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ тұрғын үй алаңы 40 шаршы метрден 78 шаршы метрге дейін болуы шарт. Тұрғын үй кілті мемлекет ас үй сөрелерімен, кір жуғыш машинасымен, пешпен қамтамасыз етілгеннен кейін тапсырылуы қажет және тұрғын үйлерге іргелес аумақ балалар алаңдарымен, автотұрақ орындарымен жабдықталуға тиіс. «Біз жастардың сапалы өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек», деді И.Смирнова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521