Зинеден ауылында әкім сайлауы басталды

Бүгін таңғы сағат 7:00-де Зинеден ауылында маңызды саяси оқиға – ауылдық округ әкімін сайлау басталды.

№136 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айсұлу Сатқалиева бұл күннің ауыл үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сәйкес, ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлауы – Мемлекет басшысының билік пен халық арасын жақындатуға бағытталған маңызды қадамы. Бұл ауыл тұрғындарының өз болашағын өзі таңдауға мүмкіндік береді,– дейді ол.

Оның айоуынша, Зинеден ауылдық округіне қарасты №136 сайлау учаскесінде 770 сайлаушы тіркелген, ал 25 тұрғыннан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Ауыл әкіміне үміткер үш кандидаттың арасынан тұрғындар өз таңдауын кешкі сағат 20:00-ге дейін жасайды. Бұл шешім ауылдың алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болмақ.

 

Жұлдыз Сембиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT