Атырауда Алтын Ордаға арналған суретшілер симпозиумы өтті

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция аясында республикалық суретшілер симпозиумы өтті, — деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шара Абай орталығында ұйымдастырылды. Симпозиумға Нұр-Сұлтан қаласының және Атырау облысының өнерпаздары қатысты. Бейнелеу өнерінің майталмандары өз картиналарында Алтын Орданың мәдени өмірі мен тұрмысын бейнелеген.

Сонымен бірге, Қасым хан, Жәнібек хан, сонымен қатар «Сарай-Бату», «Дешті Қыпшақ», «Дәуір жағырық» және т.б бейнелерді жасаған.

Жергілікті суретші Қамбарбек Аманов өз картинасында соғыс пен оған қымыз беріп жатқан әйелді бейнелеген.

Жазушы шығармасына «Бейбіт уақыт» деген ат қойған.

– Алтын Орда қалыптасу, өркендеу, саяси дағдарыс, соғыс кезеңдерін бастан өткерді. Бірақ мен өз суретімде Алтын Ордалықтардың қарапайым бейбіт өмірін көрсеткім келді. Олар бір аптаның ішінде өз жұмыстарын жасады. Жалпы, менің жеке қорымда Алтын Ордаға арналған жүзге жуық картина бар, - деді суретші.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT