Атырауда «Сарайшық қалашығы» аумағында 20 нысан бой көтереді

Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс - Алтын Орда» конференция барысында баяндады.

«Қазіргі уақытта «Сарайшық қалашығының» жобасы жасалды. Жоспар бойынша кешен аумағында 20 шақты нысан бой көтереді. Солардың ішінде «Жайықтан өтер жылжымалы жүзбелі көпірді» ерекше атап өтуіміз керек.Ибн Баттутаның естелігінде Сарайшық аумағында «Орда базардың» да болғаны аңыз болып айтылады. Сондықтан бұл киелі мекенді сауда орталығы ретінде дамыту аса маңызды. Бүгінде Сарайшық музей қорығының қорында 4600 жәдігер сақтаулы. Оның 400-дейі ғана көрініске шығарылған. Сол себепті жаңа «Алтын Орда» мұражайын салуға негіз», деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, өңір басшысы Сарайшық заманында қолөнершілер ошағы болғанына ерекше тоқталып, аймақтағы 200-ге жуық қолөнершімен бірлесіп, үлкен жобалар жасауға шақырды.

- Сарайшық мәуелі бағымен де әлемге әйгіленіпті. Кешенді ұзына бойы алып жататын Гүлстан променады сол күндерге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайтын саябақ болмақ. Кешен ішінде жылқы, түйемен сейіл құру және Жайық өзенінде алтын қайықпен серуендеу көпшіліктің қызығушылығын оятатын жоба болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, бұл жерде халқымыздың этномәдениетіне негіздеген ұлттық ойындар және мәдени-бұқаралық шаралар өткізілетін болады. Бұл жобаларға шағын және орта бизнес өкілдерін тарту жоспарда. Қазіргі таңда Сарайшық мемориалдық кешеніне келушілердің  саны 20 мыңға жуық. Жоба іске қосылған жағдайда туристер саны 700 мыңға дейін артады деген болжам бар. Және жүздеген жұмыс орны ашылады, деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгін Атырауда «Ұлық ұлыс- Алтын орда» халықаралық конференция аясында панельдік және пленарлық бөлімдер өтіп жатыр. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және отандық, Еуропа, Америка, Түркия, Жапония, Ресей, Украина елдерінен зерттеуші-ғалымдар қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521