Шақалақтардың 28-і ұл және 28-і қыз балалар. Бұл туралы аудан сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі - 16 желтоқсан күні 37 бала дүниеге есігін ашқан. Жас босанған аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Қазпошта» АҚ АОФ шақалақтардың тууы туралы куәліктерін жедел рәсімдеп отырды.
«Қос мерекенің бақытын сезінген аналардың арасында Махамбет ауданының тұрғыны Айғаным да бар.
- Еліміз үшін ұлық мерекеде қызды болу - біз үшін үлкен бақыт. Енді әкесінің ерке қызы Фатимамыз бар,- дейді жас босанған ана.
Жас атыраулықтардың арасында есімдері ерекше Әміре, Айдай, Айшын, Нұрислам, Нұрсейіт сынды тәуелсіз елдің жас ұрпақтары бар» дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.