Зейнеп АХМЕТОВА: «Есіктен еңбектеп шыққанмын»

«Жалын» мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен болған кездесуінде Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, қазақтың халық жазушысы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова осылай дейді.

«-Атақ жайлы аз-кем айта өтейін. Қаулы-қарармен келетін атақтан гөрі, абыроймен келгені анағұрлым құнды. Маған журналистер «Апа, қандай атақ, марапатыңыз бар?» деп сұрайды. -Айналайын, Құдай мені ондайлардан сақтап қалыпты. Ештеңем жоқ, - деймін. - Бірақ, ешкімде жоқ, өзім өлсем де, артымда қалатын бір ғана атағым бар. Ол - Момышұлының келіні деген, - деймін.

Менің қайсыбір кітабымдағы сөздің бәрі – атаның өсиеті. Соның бір парасын келтірсем: «Халықтың жолымен жүріңдер, адаспайсыңдар. Халықпен бірге болыңдар, жалғыздық көрмейсіңдер», «Жақсының жақсылығын айт, бірақ жағымпазданба. Жаман адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа!». Қарап отырсақ, том-том кітапқа бел омыртқа болатын керемет ғажап сөздер.

Мен кітап жазғанда бір-екі жерінде бір нәрсені жасырдым. «Шуақты күндерде» ата бір кісімен сөйлесе бастады да, менің құлағыма тимеуі керек әңгіме айтпақ болды ма, шәй құйып отырған маған «Выйди!» деді. Тұра беріп едім, ұзын халаттың етегіне оралдым ба, құлап қалдым. Тұрайын десем, тұра алмаймын. Тыпыр-тыпыр етем, тұра алмаймын. «Воон, отсюда!» деген кезде, «есіктен қалай шыққанымды білмедім» деп жаздым. Ал шындығында, есіктен еңбектеп шыққанмын. Мұны кімнің қалай қабылдайтынын білмеймін. Мен үнемі ата төбемде тұрғандай тек шындықты жазамын. Бұл жайтты жасырған себебім, «ешкімге зияны тимейді ғой» деген болуым керек»...

Аяпберген САЛИХОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT