Атырау облысында аумақтық қорғаныс әскерлері бригадасының және әскери міндеттілердің екінші кезеңдік 10 күндік оқу-жаттығуы басталуда

 

23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін оқу-жаттығуға 20-45 жас аралығындағы жүзге жуық азамат қатысуда. 

Арнайы тактикалық дайындық «Бригада бөлімшелерін жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге жеткізу, жауынгерлік үйлестіруді ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ аса маңызды нысандарды қорғау мен күзету» тақырыбында өтеді.

Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау кезінде бригадалық басқарма мен жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімді іс-қимылын пысықтап, дайындық деңгейін тексеру.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT