ТАЗАЛЫҚ – ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ

 

Биыл ел көлемінде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай ауданымыздың көркеюі мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында аянбай еңбек етіп жүрген «АгроСтрой Индер» ЖШС мекемесі қызметкерлерінің еңбегі айрықша құрметке лайық.

Солардың бірі – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор қызметкер Сидеғалиева Жәмила Ашейқызы. Ол бірнеше жылдан бері Индербор кентінің тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды тәртіпке келтіру ісінде ерекше еңбек етіп келеді.

Жәмила Ашейқызы – өз мамандығын шын сүйетін, ұжым арасында беделді, тәжірибелі қызметкер. Күннің ыстығына да, суығына да қарамай, кенттің көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін адал еңбек етуде.

Қазіргі таңда «АгроСтрой Индер» ЖШС мекемесінде 45 қызметкер еңбек етеді. Олар күн сайын кент көшелерінің тазалығын сақтап, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруды және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді басты міндет санайды.

Осындай адал еңбегімен елдің алғысына бөленіп жүрген азаматтар – ауданымыздың дамуы мен келбетін айқындайтын нағыз еңбек майталмандары.

 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT