Отбасы күніне қос сәби

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында аудандық орталық аурухананың перзентханасында көпбалалы жас аналардың құшағы жас сәби иісіне толып, отбасы мүшелері тағы бір нәрестемен толықты.

Осынау мерейлі сәтте жас аналарды мерекемен құттықтай барған аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Нұрғайша Абежан, комиссия хатшысы Мейрамгүл Құрасова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сағираш Беркалиева перзентханада болып, аналар мен сәбилердің жағдайымен танысты. Көпбалалы аналар аққыстаулық Ұлмекен Зұлпыхарова мен жанбайлық Сандеш Дюсова өмірге торсықтай ұл әкеліп, қуантты.

- Күні кеше ғана өмірге келген сәбилердің дені сау, салмақтары да қалыпты, аналардың да жағдайы жақсы, бірер күннен кейін үйге шығарамыз, - дейді акушер-гинеколог Иман Пернебеков.

- Бала – өмірдің мәні. Қазақта жақсы сөз бар, «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген. Міне, айтулы мереке қарсаңында аудан көлеміндегі екі жас ана өмірге жас нәресте әкеліп жатыр. Көпбалалы жас отбасылар қатары көбейіп, аудан халқының саны өсті. Балалардың дені сау болып, Нұрлан, Нұртілек есімдеріне сай елдің мерейін көтеріп, ата-анасының мақтанышы болар азамат болсын, - деп ізгі тілегін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан мерекелік құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521