Алғыс айту күнінің мақсаты көпұлтты Қазақстан елінің бірлігін сақтап қалу, бір-біріне мейірімді болу және бұл күн барлық қазақстандықтар үшін достық және мейірімділік күні болып саналады.
Атаулы мереке қарсаңында аудандық соттың төрағасы А.Мағзомова мен мекеме қызметкерлері тыл ардагері Есболай Қуатовтың үйіне барып, ардагермен кездесіп, оның ауданымыздың дамуына қосқан еңбегі үшін алғыс айтты.
Қарияға зор денсаулық, бақытты қарттық тіледі. «Сыйласаңыз кәріңді, жарылқармын бәріңді» демекші, қазыналы қартын сыйлаған елдің болашағы да жарқын болмақ. Қарияларымызды құрметтеу, олардың ел болашағы үшін еткен еселі еңбектерін елеп, өнегелі өмір жолдарын ұрпақ санасына сіңіру – ортақ борышымыз. Соны мақсат тұтқан аудандық сот ұжымының бұл игі ісіне ризашылығын білдірген Есболай қария алғыс айта келген азаматтарға ақ батасын берді.
Өз тілшіміз