Аққыстау ауыл күнін тойлады

30 тамыз күні Аққыстауда ауыл күніне арналған «Туған жер – алтын бесігім» атты мерекелік шара өтті.

Жиналғандарды Конституция күнімен әрі ауыл тойымен құттықтап шараны ашқан ауыл әкімі Ғаділ Боранбаев аудан орталығының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бір топ еңбек ардагерлерін «Ауыл еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Концерттік бағдарламамен қатар, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ демеушілігімен спорттық ойындардан да жарыс ұйымдастырылды. Ауылдың өткені мен бүгінін бейнеленген слайд та жиналған аудан тұрғындарының көңілінен шыққаны рас.

Сонымен қатар, Аққыстау ауылдық округінің бірқатар еңбек ардагерлеріне алғыс хат тапсырылды. Ал Ресейде өткен самбо күресінің жеңімпаздары әкімнің алғыс хаты мен ақшалай сертификатына ие болды.

С.Панабердиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521