Аққыстауда Айт мерекесі қалай тойланады?

Ертең иісі мұсылман аңсап, күткен Құрбан айт мерекесі басталады. Өзге өңірлер секілді ауданымыз да бұл мерекеге тыңғылықты дайындық үстінде.

Бұл жөнінде аудандық «Зинеден ата» мешітінің бас имамы Бейбіт Ағыбаев былай дейді: «Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі. Жылда аудан жамағаты бұл мерекені өз деңгейінде тойлап жүр. Биыл да жоспарлап отырған шараларымыз бар».

Бас имамның айтуынша, Айт намазы таңертеңгі сағат 7:30 да оқылады екен. Ал сағат 8:00-де мешіт ауласындағы киіз үйдегі арнайы жайылған мерекелік дастарханнан жамағатқа дәм ұсынылады. Одан соң спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, құрбандық Айт намазы оқылғаннан кейін ғана шалынады. Құтты мерекеден құр қалмайық.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз