Құрбан айт мерекесін алыстағы Айбас елді мекенінен қарсыладық.
Жұмыс бабымен шаруагерлерді аралай шыққан біз Төлеш қыстағындағы жеке шаруа Шапхат Байдошев ағамызды айтпен құттықтай бардық. Қазақы салтпен қарсы алған ағамыз ақ тілегін жаудырса, Бәтес анамыз ақ дастарқанын жайып, ақ дәмін ұсынды.
"Тіріге құрбан шалу өзінің амандығы үшін" деген. Құрбан айт әуелден салтымызға сіңіп кеткен қасиетті мереке. Әлемге тараған індеттің кесірінен биыл иісі қазақ құрмет тұтатын бұл мейрамды көпшілікпен бірге тойлауға шектеу қойылып отыр. Түсінеміз, бәрі де сақтық үшін ғой. Дегенмен, бұл айт аталмайды деген сөз емес. Тәртіпке, заңға бағынған күйде әр шаңырақ өзінше елеп-ескеруі тиіс деп ойлаймын. Осы сәтті пайдаланып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаймыз. Ауданымыз көркейе берсін, Құрбан айтымыз құтты болсын!" дейді Шапхат ағамыз.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ