Аққыстауда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталды

Бүгін Исатай ауданында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты жиынды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Марат Мурзиев сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бір топ маманға алғыс хаттар табыстады. Аудан әкімінің марапатына ие болғандардың ішінде Орынгүл Темірханқызы, Валя Әлиқызы, Гүлжан Айтжанқызы, Марина Ғарифоллақызы, Надежда Нұрқуатқызы бар.

aleumet2

Одан соң сахнаға көтерілген аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев көпке жылы лебізін білдіріп, Дәмелі Сабыржанқызы, Базаргүл Утешова, Бақытгүл Сапарғожиеваларға облыстық мәслихаттың алғыс хатын табыстады.

Құттықтау сөз кезегін алған сала ардагері Бекболат Мусин әлеуметтік сала қызметін ерекше құрметке ие болатындай мамандық деп атады. – Өйткені, әлеуметтік қызметке зәру адамдардың маңдайында үлкен тағдыр тұр. Олардың өзіндік қам-қарекеттері, мінез-құлықтары бар. Солардың барлығын үндестіріп, қамқорлыққа мұқтаж адамдардың жүректерінен орын тауып, түсінісіп жұмыс жасау үлкен біліктілік пен төзімділікті керек етеді. Осы жолдағы еңбектеріңізге мол табыс, қажыр, қайрат тілеймін, - деді ол. Шара аудан өнерпаздарының мерекелік сазды бағдарламасына ұласты.

Серікбол БЕРІКБАЙ

COVID 19

covid

Күнтізбе

маусым 2020
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21