Аудандағы іргелі саланың бірі – ауыл шаруашылығы.
Ондаған шаруа қожалықтары мен басқа да кәсіпкерлік құрылымдарын біріктіретін, жұма сайынғы жәрмеңкеге де жан бітіріп тұрған сала қызметкерлері - берекелі тірлігіміздің бір ұйытқысы. Әр кәсіп иелерінің атаулы мерекелері бар, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні болса, берекелі қоңыр күздің соңғы айының үшінші жексенбісі деп белгіленген.
Атаулы күн биыл қарашаның 17-сіне тұстас келіп тұр. Соған орай аудан орталығы Аққыстауда қарашаның 12-сі күні түстен кейін мерекелік шаралар өткізілмекші.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Абилхасимов бекіткен іс-шараларға сай ол аудандық «Жалын» мәдениет үйі алдындағы алаңда сағат 14.30-да бастау алатын спорттық шаралармен ашылмақшы. Ал сағат 15.00-де мәдениет үйінде мерекелік салтанатты шара өтетін болды. Сондай-ақ мәдениет үйі алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал өсіруші шаруа қожалықтарының көрмесі де ұйымдастырылмақ.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР