Алмас Аманбаев ҚР Сенатының Құрмет грамотасына ие болды

Ел-жұртының мүддесі үшін еткен еңбектерінің жемісін көріп, алғысқа бөленген депутаттардың 25 жылдық мерейтойда мерейлері өсті.

Осы айтулы мерейтойға орай «Жалын» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Егемендік жылдары ел іргесін бекітіп, өңірлердің тұрмысын түзеуге септігін тигізген мәслихаттың төл мерекесіне аудандық мәслихаттың алты шақырылымы бойынша сайланған мәслихат хатшылары мен әр шақырылымдардың депутаттары, мекеме, ұжым басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері жиылды.

masliqat25

Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан алдымен жиылған қауымды айтулы күнмен құттықтап, өз лебізін білдірді.

- Сіздерді жергілікті өкілетті мемлекеттік орган - Мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын! Сіздерге және мәслихаттардың әр шақырылымындағы депутаттарына, мәслихат аппараты қызметкерлеріне зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт, береке-бірлік және еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, - деп атап өткен аудан әкімінің орынбасары келесі кезекте мәслихаттың маңызына тоқталды.

25-mas

Бұдан соң аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев мәслихаттың өткені мен бүгіні турасында толымды баяндама жасады.

25-mn

Сондай-ақ, жиын барысында ауданның Құрметті азаматы Жұмажан Қадимов сөз сөйлеп, аудандық мәслихаттың атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеп, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отырғанын, осы бағытта үлкен істерге мұрындық болғанын айта келіп, алдағы уақытта да аудандық мәслихат билік пен халық арасында шынайы дәнекер, алтын көпір бола беретініне сенім білдірді.

 

25-mask7

Және Жұмажан Қадимовтың ұсынысы бойынша ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен, қажырлы да қалтқысыз еңбегінің нәтижесінде халқының ерекше құрметіне ие болған, бұл күнде арамызда жоқ Балажан Нығметов, Нәбидолла Салахов, Жолдасқали Сүндетқалиев, Меңдібай Харесов, Жанболат Қасымов, Рысбай Құрасов, Қарасай Сапаров, Аманбай Қаражанов, Сақтапберген Ихсанов, Дарын Зұлқашев секілді әр кездері депутат болған азаматтарды көпшілік болып 1 минут үнсіздікпен еске алды.

25-masl

Мерекелік салтанат марапаттау рәсіміне ұласып, өңірдің абыройын арттырып, табысын еселеу жолында аянбай тер төгіп, тұрғындар игілігіне қызмет еткен және әлі де қызметте жүрген Алмас Аманбаев Қазақстан Республикасы Сенатының Құрмет грамотасымен және мерекеге орай шығарылған «Атырау облысы мәслихаттарына - 25 жыл» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, осындай медаль ауданның бір топ белсенді азаматтарына тағылды.

25-conn

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521