Ардагерлерге алғыс

Көктемнің ең алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күніне орай аудан орталығында әр түрлі қызмет саласынан зейнетке шыққан бірқатар ардагерлерге құрмет көрсетілді.

«Алғыс айту міндет емес, парыз» атты мерекелік шараны ұйымдастырған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гүлбану Кабулова ардагерлермен сұхбат жүргізіп, сұрақ-жауап арқылы олардың жақсы әңгімелерін ортаға тартты.

Шараға қатысушы ардагерлердің көбі биыл мерейлі жасқа шығып отырғандар. Мектеп директоры қызметін атқарған ардагер ұстаз Мафтуха Исағалиева 75 жаста, мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан Хабиболла Мұқанбетов 80, Мәди Тақаев - 70 жаста.

tsts

Аталған шараға Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің басшылық қызметін атқарған, ауданның Құрметті азаматы Күмісбай Әбілхасанов пен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары Қожантай Сыдихов, Ибатолла Қаражанов, Тұрлан Қарасов және аудан жастары қатысты. Ардагерлердің еңбек жолдарынан, өткен өмірлерінен қиын да, қызықты әңгімелер мен жастарға сабақ аларлық көптеген өсиеттер айтылды.

v

Қоғам белсендісі, билер алқасының төрағасы Ерболат Насимуллин:

- Біздерге берген тәрбиесі үшін ата-анама, екінші осы отырған аға буынға мың алғыс. Соның арқасында осындай азамат болып қалыптастық. Қазіргі кезде мақтанатын тұсымыз, біз қазақ екенімізді әлемге танытып жатырмыз. 30 жылдың ішінде біршама жетістіктерге жеттік. Соған үлес қосып жатқан жастармен де мақтанамыз. Алға қарай мұндай шараларды ардагерлер арасында кең көлемде ұйымдастыруға тырысамыз. Бір-бірімізге алғыс айта берейік» - деп, қарияларға құрметті сөзін арнады.

Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, ардагерлердің көңілін бір серпілтіп тастады.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521