Әріптесіміз Әбілмажан Құрмет грамотасына ие болды

Исатай ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.

acim-pr

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараны аудан әкімі Марат Мурзиев сөз сөйлеп ашып, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Тұрғындарды елдік мерекемен құттықтаған өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматқа марапаттар табыстады.

acimmar

Атап айтар болсақ, аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бекмұхамбет Дулатқа облыс әкімінің алғыс хаты ұсынылса, 50 жасқа толуына орай аудандық ветеринариялық стансы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Аманжол Рахметовке Құрмет грамотасы тапсырылды.

prr-marapat

Отыз жылға жуық ақпарат саласында тер төккен, төл басылымымыз – «Нарын таңы» аудандық газетінің фототілшісі, зейнеткерлік жасқа келген әріптесіміз Әбілмажан Шарапиденов те Құрмет грамотасына ие болды. Ал, аудан әкімінің алғыс хаты Исатай желілік техникалық участогінің электромонтері Болат Арыстанғалиев пен аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Дидар Жеткіновке табысталды.

masliqatmar

Өз кезегінде аудан халқына мерекелік лебізін білдірген аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Мұханбеталиев Исатай газ тарту шаруашылығының шебері Нұрлыбай Мағзомов пен Аққыстау орта мектебі директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлнара Төлеуғалиеваға облыстық мәслихат хатшысының, зейнеткер Талап Шамаров пен Жанбай ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Сырым Батырбаевқа аудандық мәслихаттың алғыс хатын ұсынды.

pr-con

Мерекелік салтанат сазды бағдарламаға ұласты.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521