Арыстардың алдындағы міндеттерімізді толық өтеуіміз керек

Жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін халқымыздың тарихындағы осы бір қасіретті кезең туралы аз айтылған да, аз жазылған да жоқ.

Ардақты асылдарымызды қынадай қырған нәубеттің қазақ халқына тигізген зардабы көп.

Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде зобалаң жылдардың құрбандарын есте қалдыру мақсатында көптеген шаралар қолға алынды. Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі үндеуін сол шаралардың заңды жалғасы, жаңа деңгейдегі жұмыстардың басы деп қабылдадық.

Бәрінен бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсыруы – өте әділетті, дана шешім.

«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз» деді Президент бүгінгі үндеуінде.

Президент тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін әділетті шешім қабылдап, тиісті пәрмен берді.

Енді сол жұмыстарды адал атқарып, ұрпағы үшін жазықсыз жапа шеккен арда азаматтардың рухы алдындағы міндеттерімізді толық өтеуіміз керек.

Нәубетов Құрманғали Мақсотұлы,

Новобогат орта мектебінің директоры, жоғары санатты мұғалім, тарихшы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521