«Әскерден қашқақтау дұрыс емес»

Жанбай шекара заставасына 2018 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, кейін келісімшарт бойынша қызметке орналасқан ефрейтор Құсаин Нұрмұхаммед - аталған жасақтағы үлгілі шекарашылардың бірі.

Кейінгі жас сарбаздарға бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп жүрген ол - шекара шебін қорғауда көмекші ретінде пайдаланылатын іздеу және күзет қызметтік иттерін тамақтандыру, үйрету, жаттықтыру, жеке-жеке жұмыс жасау ісінде аға нұсқаушы. Жеті қазынаның бірін жанына серік етіп, ел тыныштығы үшін күндіз-түні күзетте тұратын қырағы сақшының болашақ сарбаздарға да айтары бар.

- Бейбіт елде өмір сүріп жатқан тәуелсіз ел ұландарының Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуден жалтарып, әскери өмірден қашқақтауы дұрыс емес. Бұндағы темірдей қатал тәртіп жас жігіттерді шыңдап, жинақылыққа, шыдамдылыққа баулиды, - дейді ол.

Сарбаз сапында жүріп әскери қызметке қызығушылығы оянған шекарашы өз болашағын қауіп-қатері мол ел бекінісін қорғауға арнамақшы. Бізбен тілдесуге қуана келісіп, ағынан жарылған жас жігіт қызметінің қиындығын қайыспай көтеруге дайын екендігін айта келе, осы саладағы барлық әріптестерін мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

Гүлдана ХАЙРУШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521