Асыл адам

Қол жеткізген биікке қиындықпен,

Алатын осылайша сыйын көптен.

Медбикелер дәрігердің оң қолындай,

Тәлімін тұжырымдап жиып өткен.

 

Мейірім төгілгенде жүздерінен

Нұр ойнап тұратындай көздерінен.

Бағаланып көпшілікке көрінеді

Дәрігердің жұмысы өздеріңмен.

 

Қиын сәтте ешқашан жасымаған,

Есімдері сақталардай ғасырлардан.

Науқаспен тіл табысып үндесетін

Медбикелер - осындай асыл адам.

 

Тағдырға өздерін еш тоналтпастан

Жамандықты жанына жолатпастан.

Келеді өрге тасын домалатып

Қарапайым болмысын жоғалтпастан.

 

Саулық пен өмір жолын тербеткен сіз

Аман болып мейірбан медбикеміз.

Тірліктің тәтті сыйын алыңыздар,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!

 

Нұргүл КАБУЛОВА, 

тәжірибелік дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521