Ата-бабаларымыздың ақталуы - елдігіміздің сақталуы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы 19 миллион халық 30 жылдай күткен бастаманы қолға алуға тапсырма берді.

Біздің ой-тілегіміз бен мұңымызды естіп, Президент тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Бұл Мемлекет басшысының болашақты болжай білген көрегендігі, халықтың мұңын тыңдағаны, ел ішінде қайнап жатқан проблемаларды түсінгені, деп білемін. Одан бөлек, тарихи сана қалыптастыру жағынан біздің қоғам осындай ұсыныстарды қабылдауға дайын деп ойлаймын.

Қуғын-сүргін жылдары ең ауыр азап шеккен ұлт – қазақ халқы. Себебі, ашаршылықта миллиондаған адам қырылды, қаншама халық шет ел асты, біздің ел лагерлік республикаға айналды, депортацияланған халық қаншама?! Соның ішінде қуғын-сүргін жылдары ерекше орын алады. Өйткені, қазақтың қаймағы саналған айтулы тұлғалар қыршын кетті. Біз әруақты, жасы үлкендерді құрметтейтін халықпыз. Сондықтан, бұл азаматтарды да ақтау мәселесімен мемлекеттік комиссия айналысса, Қазақстанның болашағы жарқын болады деген сенімдеміз.

Тарихи сана осының арқасында қалыптасады. Нәтижесінде ата-бабаларымыз ақталып, Қазақстан болашаққа нық қадам басады.

Ерболат Насимуллин,

ардагер ұстаз, тарихшы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521