Атырауда майталман мұнайшыға ескерткіш қойылды

Атырау қаласында бүгін қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевқа арнап ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

escert1

escert6

Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырған ескерткіш Атырау мұнай жəне газ университетінің ауласында орналасқан. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

escert7

escert2

- Біз қазақ мұнай-газ саласының негізін қалаушы - Сафи Өтебаевқа үлкен құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. С.Өтебаев мұнай кендерін алғашқы ашушылармен бірлесе отырып, еліміздің мұнай-газ кешенінің негізін қалады. Мұнай саласында аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін ешуақытта ұмытылмайды,- деді Айбек Қрамбаев.

escert5

Шараға мұнай саласында еңбек еткен ардагерлер, университет профессорлары мен ұстаздар, Сафи Өтебаевтың қызы мен баласы, сондай-ақ, студенттер қатысты.

e

Айта кетейік, биыл ақпанда Атырау мұнай жəне газ университетіне майталман мұнайшының есімі берілген болатын.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521