«Аурудың көбі сапасыз тамақтан»

«Дәрігерлік мамандықты меңгерудегі мақсатым - денi сау, салиқалы ұрпақ өсiруге көмек беру» деп бастады бізбен әңгімесін жас дәрігер Айымжан Пернебекова.

Исатай аудандық ауруханасының дәрігері Айымжан Пернебекова - Қызылорда облысының тумасы. 2011 жылы Халықаралық Қазақ Түрiк университетіне оқуға түскен ол педиатр мамандығын алып шығады. 2016-2018 жылдар аралығында Шымкент облыстық балалар ауруханасында, қалалық балалар ауруханасында пульмонология, гастроэнтерология, гематология, балалар реанимациясында интернатура бағытында еңбек еткен. Жолдасы Иман Пернебеков акушер-гинеколог маманы болғандықтан, екеуі «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандық орталық ауруханаға 4 жылдық келісім-шартпен қызметке орналасқан. Қазіргі таңда жалпы стационар бөлімінде, сонымен қатар учаскелік педиатр болып орталық ауруханада жұмыс жасайды.

«Арман адамды қанаттандырады» демекші кішкентай кезімде сырқаттанған кезде ауылдағы емханаға барамыз. Сонда дәлізде отырып, әрлі-берлі өткен ақ халатты дәрігерлерді көргенде қызығатынмын. Әсіресе, балаларды қарайтын мамандарға ерекше сүйсінетінмін. Балалар дәрiгерi болу бала кезiмдегi арманым еді. Сол арманына жеттім деп ойлаймын. Оның үстіне өмірлік серігім де дәрігер» дейді Айымжан. - Ауылда өскендіктен болар, Исатай ауданының тұрғындары бізді жылы қабылдады. Қызметке келген жылдан бері байқағаным, бұл өңiрде судың сапасыздығынан, топырақтың құнарсыздығынан шығар, жеміс-жидек өсiрiлмейдi екен. Соның салдарынан және балалардың сапасыз тамақтануынан болуы керек, анемия, асқазан-iшек жолдарының аурулары өте жиi кездесіп жатады, - деген жас дәрігер аудандық ауруханада емделушi бөбектерге барлық жағдай жасалған. Жалпы ауруларды жиі болдырмау үшін табиғи өнімдерді қолданып, қоршаған ортамызды бiрлесiп көгалдандыру керек деп ойлаймын» дейді ол.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

COVID 19

covid

Күнтізбе

шілде 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21