Бағыт Сматуллин Исатай ауданының Құрметті азаматы атанды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.

16-jelto

Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Марат Мурзиев тұрғындарды ел мерекесімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген бір топ азаматқа марапаттар табыстады. Атап айтар болсақ, Аққыстау орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Әмина Тастемірова мен «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының бейнелеу жетекшісі Ғайни Жолдыбаеваны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

16jelt

Ал, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Бағдат Ниязгалиев, дін саласы бойынша ақпараттық талдау орталығының маманы Ерболат Насимуллин, «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС бақылаушысы Сабыржан Көпбергеновтерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ, шарада аудан әкімі Исатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы №272-VI шешімі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Бағыт Сматуллин «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

 16-jeltok

Көпбалалы аналар Жаннат Мұхамедярова пен Сәуле Жұмабековаға тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны төлеу кезіндегі әлеуметтік көмек ретіндегі тұрғын үй сертификаты да салтанатты жағдайда тапсырылды.

16-jeltoks

Одан соң мерекелік құттықтау сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев жиылған көпшілікке жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ ол облыстық, аудандық мәслихаттың алғыс хаттарын табыстады.

16-jeltoq

Облыстық мәслихаттың алғыс хаттарын иеленгендердің қатарында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай ауданы бөлімінің жинақтау секторының жетекші маманы Ақтолқын Қадыржанова, «Кабибуллин А» шаруа қожалығының басшысы Айтқали Қабибуллин, Исатай ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Айсұлу Телеубаева бар.

16-jeltos 

 16-jeltoqs

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Аудандық «Жалын» мәдениет үйі ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырған сазды бағдарлама көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

16-jeltoqsan

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521