БАҚ өкілдерінің арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде БАҚ қызметкерлері күніне орай және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ұжымдық - спартакиадасы ұйымдастырылды.

Тартысқа толы спорттық бәсекеге жалпы 6 команда қатысты.

4p5a9319

Ашылу салтанатында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Жасын Біркенов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби мереке қарсаңында облыс бойынша ұйымдастырылып отырған алғашқы шара екендігін қаперге беріп,әріптестерінің қызықты ойын көрсететініне сенімін білдірді.   

4p5a9515

Ардагер-журналист Төлеген Берішбай, бас директордың орынбасары Исатай Балмағанбетов салауатты өмір салтын насихаттау, БАҚ қызметкерлерінің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын ұстанған байрақты бәсекеде бақтарын сынауға келген командаларға сәттілік тіледі. Қатысушылар футзал, волейбол, шахмат, дойбы, теннис сынды сайыс түрлерінен өзара мықтыны анықтап, жүлдені сарапқа салды. Соның ішінде «Аудандар» құрамасы өздерінің жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, белсенділіктерін танытты. Шахматтан қыздар арасында «Дендер» газетінің веб редакторы Ақмарал Бокирова және ерлер арасында «Қызылқоға» газетінің тілшісі Бауыржан Бердіғалиев жеңімпаз атанса, дойбыдан «Қызықоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов жүлделі ІІІ орынды місе тұтты. Футзалдан «Аудандар» құрамасы өз тобында «Атырау» және «Баспахана» командаларымен кездесті. Алғашқы ойында «атыраулықтарды» 6:2 есебімен жеңген «Аудандар» командасы «Баспахана» командасынан 1:3 есебімен ұтылды.

4p5a9573

Сөйтіп, жартылай финалдық ойында «Прикаспийская коммуна» командасынан 1:4 есебімен жеңілген аудандық құрама ІІІ орын үшін болған таласта «Әкімшілік» командасымен жолықты. Аудандық команда тамаша ойынның нәтижесінде қола жүлдені еншіледі. Ала доп қуып жүрген әріптестеріміз кәсіби футболшылардан бір кем өнер көрсеткен жоқ. Волейболға да тас түйін әзірленгендігін дәлелдеген «Аудандар» құрамасы соңғы ойында «Атырау газеті» командасын жеңіп, ІІІ орынға жайғасты. Спартакиаданың қорытындысымен «Баспахана» командасы жеңімпаз атанаса, «Прикаспийская газеті» командасы ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал, «Аудандар» құрамасы ІІІ орыннан көрінді.

4p5a9625

Командаларға қаржылай сертификаттар табысталып, медальдар мен түрлі  аталымдар бойынша дипломдар ұсынылды.

Айнагүл ШАКУПОВА,

Құрманғазы ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521