Бәрін білетін Бекмұхаммед

Бекіш Бекмұхаммед Айбатырұлы - Х.Наубетов мектебі МАД сыныбы тәрбиеленушісі.

Қабілеті мен зеректігі жағынан қатарластарынан оқ бойы озықтығын мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен ақ байқатқан бүлдіршін.

Әжесінің жекеменшігі, әкесінің еркесі, анасының тентегі. Анасына ғана еркелегенімен, жалпы өзі ақылды, сөз саптауы да көркем, сұрақтарға да ойланып, байыппен жауап береді. Өзі де, сөзі де сүйкімді балақай. Тағы бір қыры - үнемі сұрағы таусылмайды, қуантарлығы - бәрін білуге құштар. Үлкен адам сияқты тапқыр, шешен, зерек, зерделі. Абай, Ыбырай аталарының, басқа да қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, көңіліне тоқып жүреді. Ертегілерді жүйелі баяндай алады. Ән айтып, би билеуге де қабілетті. Ойдан шағын тақпақтар, жұмбақтар құрастырып жіберетін өнері де жоқ емес екен.

- Ең бастысы Бекмұхаммед математика сабағына ерекеше алғырлығы мен зеректігін танытты. Екі, үш таңбалы сандарды қосып-азайту, ондықтармен есептеу біздің Бекош үшін қиын шаруа емес. Тіпті 2-сыныпта оқитын ағасының есебіне де көмектесіп қоятыны бар. Математика - оның ең сүйікті сабағы. Әжесі мен ата-анасы оның келешегінен үлкен үміт күтіп, жан-жақты тәрбиелеуге тырысады, жағдайын жасап, қамқорлығын аямайды, - дейді оның тәрбиешісі Аян Инкабаева.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521