БИЫЛ «АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТЕМІРЖОЛЫНА – 50 ЖЫЛ

Биылғы Көлік қызметкерлері күні барша атыраулық, соның ішінде Исатай ауданындағы теміржолшылар үшін де тарихи бір белесті кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.

Сонау соғыс жылдарының талабына сай қолға алынып, кейін тоқтатылған, сол уақыт тілімен айтқанда «Гурьев-Астрахан», қазіргіше «Атырау-Астрахан» теміржолы құрылысы арада ширек ғасырға таяу уақыт өткенде қайтадан қолға алынған еді. Ашық дереккөзге сүйенсек, «Атырау-Астрахан» темір жолы 1966 жылы салына бастаған. Жол бойында 5 стансы мен 21 разъезд іске қосылған екен. 7 миллион текше метр топырақ үйіліп, 56 күрделі кұрылыс және көптеген мәдени орындар салынған. 330 шақырымдық теміржол төселіп, 1969 жылғы 30 сәуірде аталған жол тапсырылып, жұмысшы пойыздар жүре бастайдьі да, тұрақты пайдалануға 1970 жылдың желтоқсан айында беріледі.

Біз мереке қарсаңында жүздескен Исатай теміржол стансасы бастығы, аға буын теміржолшылардың бүгінгі бір ұрпағы саналатын білікті маман Мұрат Кеңесов те станса тарихынан сыр шерте отырып, осы жолмен пойыздар алғаш рет 1971 жылы жүре бастағанын тілге тиек еткені бар. Міне, оған да 50 жыл толып отыр. Ендеше жапан түзді жаңғыртқан жарты ғасыр уақыт бойына жүк тасымалын молайтып, ел еңсесін көтеруге айтарлықтай үлес қосып жатқан атыраулық һәм исатайлық теміржолшы ағайынға қос мереке құтты болсын десек бек жарасымды. Мерекелеріңізбен, теміржолшылар!

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT