Бұл - Президентіміздің перзенттік борышы

ХХ ғасырдың қасіретті кезең 1920-1950 жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және ашаршылықтан қырылған 3 миллионға жуық халқымыздың тағдырына жазылды.

Осынау зобалаң жылдар, маған тек тарихқа жазылған ізден емес, өзімнің нағашым, саяси қуғын сүргін құрбаны, жыршы, ақын Насихат Сүгірұлы өмірбаянынан да белгілі. Ата-бабаларымыздың сол жылдардағы ауыр күндерді қазақ қанына сіңген қайсарлық, төзімділік және бауырмалдық қасиеттерінің арқасында жеңіп шықты. Қазіргі уақытта, тұғыры биік тәуелсіз елде өмір сүрген ұрпақ мәңгі қарыздар екенін түсінді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнаған үндеуінде "Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады" делінген.

Осылайша перзенттік борышын естен шығармаған Мемлекет басшысының сөздері халқымызды жарқын болашаққа жетелейді.

Мендіғазиев Салауат Сахибеденұлы,

"Исатай ауылдық клубы" КҚКМ директоры, ҚР үздік мәдени қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Насихат Сүгірұлының жиені.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT