Дәрігерлерге

Дәрігер, әрқашанда дара тұлғаң,

Жүрегің, жаның нұрдан жаратылған.

Ажалға, ауруға арашашы

Сен ғана жанды салып ара тұрған.

 

Күн-түн демей сағатпен санаспаған,

Ауруды денеден аластаған.

Кірпік ілмей ауырған жанмен бірге

Дәрігер қиындықтан еш қашпаған.

 

Аялап адамдарды қорғаштаған,

Гиппократ антын тек алға ұстаған.

Дәрігер, өткел бар ма сен өтпеген,

Дәрігер, асу бар ма сен аспаған.

 

Түскенде ауыртпалық жасымаған,

Өскенде мәртебесі тасымаған.

Ауырғанда алдына хан да келер

Дәрігер - әлемдегі ең асыл адам.

 

Үстінде ақ халаты, ақ қалпағы,

Жүрегі кең, пейілі ақ, аппақ ары.

Дәрігердей маман бар ма жер бетінде

Адамзат саулығымен тапқан бағын.

 

Денсаулық күзетінің сақшылары

Дәрігерлер - адамның ең жақсылары.

Шыбын жаны шырқырап келген сырқат

Саулығын дәрігерге сеніп тапсырады.

 

Меңдігүл ШӘРЕЛХАНҚЫЗЫ,

кіші медицина қызметкері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521