Ертең ораза тұтсаңыз, мол сауапқа кенелесіз

Ертең, яғни, 10 тамыз Арапа күніне сәйкес келіп тұр.

Құрбан айттан бір күн бұрын келетін бұл күні Алладан көбірек кешірім тілеп, біліп және білмей жасап қойған күнә-қателіктеріміз үшін тәубе етудің де маңызы зор. Өйткені, әзірет Әли: «Алла тағала дәл арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді» деп жеткізгені мәлім. Сондай-ақ, тағы бір хадисінде сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.c.): «Арапа күнін құрметтеңдер. Өйткені, арапа – Алла қадірлі еткен күн» деген. Алланың өзі қадірлі еткен болса, ол күні қандай құлшылық немесе жақсылық жасасақ та, қарымтасыз қалмайтыны анық. Осы мүмкіндікті пайдаланып елдегі жетім-жесірлерге қол ұшын созып, ауру-сырқаулардың көңілін сұрап, көршілермен, туыстармен қарым-қатынас жасап, мол сауапқа кенелуімізге болады.

Арапа күні жасалатын ең ізгі істердің бірі – ораза ұстау. Бұл күні ораза тұту, бір жағынан, нәпсі тәрбиесі үшін маңызды болса, екінші жағынан, сауабы да ұшан-теңіз. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.c.) бұл туралы былай деген: «Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады». Ендеше ертеңгі ораза ұстап сауап жинар ерекше сәтті құр жіберіп алмайық, ағайын!

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521