Исатай ауданының ардагерлері басқосқан тағылымды кездесу

Бүгін Исатай ауданында аудандық және Аққыстау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің бірлесіп қолға алуымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өтті.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге ауданымыздың дамуы жолында әртүрлі салада абыройлы еңбек етіп, қазіргі таңда сол бейнеттерінің зейнетін көріп отырған ауданымыздың бір топ ардагерлері қатысты. Жиынға қатысушы ардагерлер – өткен жылдары әр саланың саңлағы атанған білікті мамандар. Көргені, көңілге түйгені көп. Дөңгелек үстелді сөз сөйлеп ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гүлбану Ружанқызы алдымен қарттар күнін атап өтудің мәні мен маңызына тоқталып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

i

i

Одан әрі ол жиынға қатысушы тау мүсінді ардагерлердің әрбіреуіне сөз кезегін жолдап, өз өмірлерінен көрген, түйген тағылымды әңгімелерімен бөлісуге шақырды. Өз кезегінде ардагерлер өнегелі өмірлерінен сыр шертіп, қазіргі зейнеткерлік шақтың қызығы мен шыжығына тоқталды. Сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын дамыту, қазіргі қоғамның дамуындағы ардагерлердің ролі секілді мәселелер төңірегінде де ардагерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

i

i

Мерекелік басқосу «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Айымгүл Машаева, Томан ауылдық клубының меңгерушісі Әлішер Мұсағалиевтердің орындауындағы әсем ән-күйлермен әрлене түсті. Өз өнерлерін ортаға салудан ардагерлер де қалыс қалмады. Мәселен, босқосуға қатысқан еңбек ардагері Мұрат Шахуов өзімен бірге ала келген қара домбырасымен күмбірлеген күй орындаса, Аққыстау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Сыдихов «Қарттарым» атты мерекелік жыр туындысымен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

i

i

i

img_7527

- Бүгінгі басқосу 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған болатын. Әртүрлі салада еңбек еткен ауылымыздың ардагерлерінің басын қосқан дөңгелек үстелде тәрбиелік мәні зор көптеген тағылымды әңгімелер айтылып, ортаға тұщымды ойлар тасталды. Өткен жылдардағы еңбек жолында қоғамдық мекемелерде әртүрлі халық өкілдерімен бірлесе жұмыс жасаған Боранбай Халидуллин, бүгінде өз кәсібімен нәсібін тауып отқан Мұрат Шахуов, домбырашы Мақпал Отарова, ауданға өз өнерімен танылған Аққаным Нұғыманова және бүгінгі басқосуға қатысушы басқа да ардагер аға-апаларымыздың барлығыда аузында айтары бар, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз өмірде көрген, түйгендері мол жандар. Сондықтан бұндай басқосуларды аудан орталығында және ауылдық округтерде жиі ұйымдастыру жоспарымызда бар. «Қазан айы – қамқорлық айы» демекші, алдағы қайырымдылық айына байланысты да атқаратын жұмыс жоспарларымыз бар. Сондай қуанарлық игі істердің бірі ауылымыздың кәсіпкерлерінің демеушілігімен 45 отбасыға қайырымдылық дорбаларын және Құттықтау хатын табыстауды қазан айының алғашқы күндерінде жүзеге асырғалы отырмыз, - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гүлбану Ружанқызы.

Мерекелік басқосу ақ дастархан басында жалғасты. Шара соңында Гүлбану Ружанқызы ардагерлер қауымына арнайы дайындалған мерекелік қоржын дорбаларын табыстап, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері маңызды екенін тілге тиек етіп, барша ел ағаларын ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521