Исатай ауданының спортшылары марапатталды

Тамыз айының үшінші жексенбісі - байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген Cпортшылардың кәсіби мерекесі.

Осыған орай, бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Спортшылар күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрғайша Абежан бұл салада жеткен жетістіктеріміздің мол екенін тілге тиек етіп, аудан спортшыларына мерекелік құттықтауын жеткізді.

_

- Ауданымызда спорттың бұқаралылығы артып келеді. Әртүрлі байрақты бәсекелерде атой салып, туған жерінің атын шығарып жүрген спортшыларымыз да жетерлік. Ауданымыздан алдағы уақытта елдік, әлемдік додалардан сүрінбей, Олимп шыңын бағындыратын азаматтар шығады деп сенемін. Сол үшін жергілікті спорт мамандары мен жаттықтырушыларымыз жан аямай еңбек етуі тиіс. Кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге зор денсаулық, жеңіс жолында табыстар тілеймін. Әрқашан Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқата беріңіздер. Елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын спортшыларымыз көбейе берсін, - деген ол аудан спортын өркендетуге үлес қосып жүрген спортшыларға өзінің алғыс хатын және гүл шоқтарын табыстады.

_

Салтанатты басқосуда аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Жұмабеков те мерекелік жылы лебізін білдіріп, бірқатар спортшыларды аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапаттап, мерейлерін үстем етті.

_

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

 

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика