Исатайлық мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада басталды

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні.

Атаулы күнге орай Исатай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында аудандық спартакиада бастау алды. Жанбай спорт кешенінде өткен спартакиаданың алғашқы күнінде дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтіп, қатысушылар волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ сынды спорттық ойын түрлерінен сынға түсті. Ашылу салтанатында алдымен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, қатысушы командалар алаң төрінде сап түзеді. Одан әрі сөз тізгінін алған аудан әкімі аппаратының басшысы Рашид Мұқанов бүгінгі қолға алынған спартакиаданың көздеген мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын және мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру екенін баса атап өтті.

_dsc0667

- Алдымен баршаңызды келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен аудан әкімі Полымбет Хасановтың атынан шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі спорттық жарыстарымыз мерекеге орай мемлекеттік қызметшілер арасында өткелі отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер арасында ынтымақтастықты қалыптастырады және оларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға жетелейтін іс-шара. Сондай-ақ бүгін сіздер өздеріңіздің тағы бір оң қырларыңызды көрсетуге мүмкіндік алып отырсыздар. Дода бар жерде мәре бар. Сондықтан қолға алған спорттық жарыстарымыз тартысқа толы болып, нағыз мықтылар ғана жеңістің тұғырынан көрінеді деген сенімдемін, - деді Рашид Мұқанов.

_dsc1076

Жарыстың бағдарламасына сәйкес қатысушылар алдымен жеребе тарту рәсімі арқылы волейбол ойынының кездесулерін өткізді. Оған барлығы 6 команда қатысты.

Нақтырақ айтқанда, аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлерінен құралған команда, Тұщықұдық, Аққыстау, Қамысқала ауылдық округтері әкімдігінің командалары және Жанбай мен Нарын, Исатай мен Зинеден ауылдық округі әкімдіктерінің біріккен құрамалары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетуге тырысып бақты. Көрермендерді таң-тамаша еткен ойынның қорытындысында Х.Ерғалиев ауылының намысын қорғаған Қамысқала ауылдық округі әкімдігінің командасы волейболдан үздік үштікке енсе, Зинеден және Исатай ауылдық округі әкімдіктерінің біріккен командасы екінші, ал барлық кездесулерінде қарсыластарын шаң қаптырып, мықтылықтарын танытқан аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлері біріккен команда жарыстың жеңімпазы атанып, жеңістің тұғырына көтерілді.

_dsc0719

Сондай-ақ үстел теннисінен ерлер арасында қарсылас шақ келтірмеген Жанбай және Нарын ауылдық округі әкімдеріктері біріккен командасының ойыншысы Расул Шабай жеңімпаз атанса, Исатай және Зинеден ауылдық округі әкімдіктері біріккен командасының ойыншысы Нұрлан Пауеденов екінші, аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлері біріккен команданың ойыншысы Саябек Шағиров үшінші орынға жайғасты.

_dsc0709

_dsc0929

Сонымен қатар үстел теннисінен әйелдер арасында бағы мен бабы келіскен Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінің қызметкері Айдана Қуанәлі жеңімпаз ретінде танылды. Өз кезегінде Жанбай және Нарын ауылдық округі әкімдеріктері біріккен командасының ойыншысы Рита Маралова екінші орынды еншілесе, аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлері біріккен команданың құрамында өнер көрсеткен Сара Сегізбай үздік үштікті түйіндеді.

_dsc1173

_dsc1164

_dsc1156

Ал тоғызқұмалақтан ерлер арасында аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлері біріккен команданың ойыншысы Ерболат Махашовтың асығы алшысынан түсті. Жанбай және Нарын ауылдық округі әкімдеріктері біріккен командасының ойыншысы Рухолла Такенов екінші орынды иеленсе, Қамысқала ауылдық округі әкімдігінің ойыншысы Ербол Әнуарбекұлы үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ әйелдер арасында аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлері біріккен команданың ойыншысы Ұлпан Мұхтарова жеңімпаз атанса, Тұщықұдық ауылдық округі әкімдігінің қызметкері Меруерт Низамиқызы екінші, Жанбай және Нарын ауылдық округі әкімдеріктері біріккен командасының ойыншысы Айжарқын Құмарова үшінші орын еншіледі.

_dsc1061

_dsc1118

_dsc1127

Жарыс соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

_dsc1150

_dsc1135

Айта кетейік, спартакиаданың жоспарына сай бүгін алаң төріне шыққан командалар ертеңгі күні кіші аяқ доптан өзара кездесулер өткізіп, спорттық ойындардың бұл түрінен де жеңімпаз команданы анықтайтын болады. Кіші аяқ доптан кездесулер 10 маусым күні, яғни ертең сағат 10:00-де басталады деп күтілуде.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521