Исатайлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиада өз мәресіне жетті

Исатай ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында қолға алынған аудандық спартакиада өз мәресіне жетті.

Жарыстың екінші күнінде қатысушы командалар жеребе тарту арқылы шағын футболдан өзара кездесулер өткізді. Қоғам айнасы саналған мемлекеттік қызметкерлердің басын қосқан жарысқа спартакиаданың алғашқы күнінде өнер көрсеткен командалар, яғни аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлерінен құралған команда, Тұщықұдық, Аққыстау, Қамысқала ауылдық округтері әкімдігінің командалары және Жанбай мен Нарын, Исатай мен Зинеден ауылдық округі әкімдіктерінің біріккен құрамалары қатысты.

_dsc0616

_dsc0804

Күн ұзағына жалғасқан спорттық бәсекеде командалар бар шеберліктерін салып, жеңісті қолдан бермеуге барын салып бақты. Қызу да тартысты өткен жарыстың нәтижесінде өз тобында қарсыластарының бәрінен басым түскен аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдер қызметкерлерінен құралған команда жарыстың жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тағынса, ақтық сында ғана қарсыласқа есе жіберген Жанбай және Нарын ауылдық округі әкімдіктерінің біріккен командасы күміспен күптелді. Ал, үздік үштікті Зинеден және Исатай ауылдық округі әкімдіктерінің біріккен командасы аяқтады.

_dsc0770

_dsc0629

Спартакиаданың қорытындысында аудан әкімі аппаратының басшысы Рашид Мұқанов жарыс аясында спорттық ойындардың қай түрінен болмасын мемлекеттік қызметшілердің көрсеткен шеберлігін жоғары бағалап, жарыстың көркін қыздыра білгендері үшін аудан әкімі Полымбет Хасановтың атынан ризашылығын жеткізді.

_dsc0765

- Мемлекеттік қызметшілер арасында оздырылған аудандық спартакиада жоғары деңгейде өтті деп нық сеніммен айта аламын. Оған себеп жарысқа қатысушы барлық командалар және жекелей сында өнер көрсеткен ойыншылар осы екі күннің аясында өз шеберліктерін тиісті дәрежеде көрсете білді. Яғни бұл дегеніміз ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерінің спорттан да алыс еместігін білдірсе керек. Бізді енді алда спартакиаданың облыстық кезеңі күтіп тұр. Ендігі мақсатымыз облыстық кезеңде де осы қарқынымыздан жаңылмай, көш басынан көріну және бұл біздің қолымыздан келеді, - деген Рашид Мұқанов жеңімпаз және жүлдегер командаларды арнайы дипломдармен марапаттап, медальдар табыстады.

_dsc0756

_dsc0750

Айта кетейік, біз бұған дейін спартакиаданың алғашқы күнінде қатысушылардың волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ ойындарынан командалық және жекелей кездесулер өткізіп, өзара үздіктерді анықтағанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ спорттық жарыстардың жеңімпаз командаларына спартакиаданың кубогы 22 маусым күні аудандық деңгейде өтетін мерекелік салтанатты шарада табысталатанын да айта кеткен жөн. 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521