Исатай ауданында бір топ мемлекеттік қызметкер марапатталды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынды аудан әкімі Марат Мурзиев сөз сөйлеп ашты.

ord30-min

- Қазақстандықтар Н.Назарбаевтың көрегенді көсемдігінің нәтижесінде тарихи табыстарға қол жеткізді. Бүгінде халықаралық қауымдастық елімізді өңірлік көшбасшы, тату көрші, сенімді әріптес ретінде құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуін оң бағалауда. Мемлекет басшысының экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарына кіру бағыты жөніндегі шешімі де жоғары деңгейдегі мемлекеттік менеджменттің тамаша үлгісі ретінде бағаланып отыр. Сіздерді сенім мен ізгі тілектің бастауы болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!, - деген аудан әкімі М.Мурзиев ауданымыздың бір топ мемлекеттік қызметкерлерін өз алғыс хатымен және облыс әкімі М.Досмұхамбетовтың алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар осы орайда ауданымыз бойынша «Nur Otan» партиясына қабылданған аудан жастарына партиялық куәлік табыстады.

cual30-min

Одан әрі сөз кезегі Исатай аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиевке жолданды.

nur30-min

- Тұңғыш Президент күні мерекесі – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген ұлт көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, - деген ол ауданның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан бір топ мамандарды өзінің алғыс хатымен марапаттап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

ai30-min

c

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласып, жиынға қатысушы көрермендер «Жалын» мәдениет үйі өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.

s

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521