Исатай ауданының әкімі балаларды мерекемен құттықтады

Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев әлеуметтік желіде бүгінгі 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан басшысы Марат Мурзиевтің балаларға арналған құттықтау тілегі жарияланды.

«Құрметті балғындар! Қадірлі ата-аналар!

Мерейімізді асырып, жүзімізді жадыратып, көңілімізді көтеретін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ. Бала - адамның бауыр еті. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.

Бүкіл әлем маусым айының алғашқы күнін балалар мерекесімен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағы қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас исатайлықтар үшін ауданымызда да білім мен тәрбие алуға, үздіксіз дамып, алаңсыз бақытты балалық шақ өткізуіне барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Құрметті балауса балғындар!

Сіздерді 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің ертеңі - өздеріңсіңдер! Сіздердің болашақтарыңыз жарқын болып, денсаулықтарыңыз мықты болуын тілеймін. Ата-аналардың үмітін ақтаңыздар!» делінген құттықтауда.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет редакция қорынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз