Исатай ауданының әкімі құрылысшыларды құттықтады

Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев аудан құрылысшыларын бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтады.

Бұл жайлы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Аққыстау ауылында жаңадан салынып жатқан 100 орындық жатақханасымен 320 орындық кәсіптік лицей, Өркен ауылындағы үш қатарлы 60 пәтерлік үш үй, ауылдарға тартылып жатқан инженерлік инфрақұрылымдар, ауылішілік автокөлік жолдары, аудан орталығындағы кәріз жүйелері мен имараттар құрылысы, ауданымызға көрік беретін саябақтар тұрғындарымыздың игілігіне берілетін болады.

Сонымен қатар, алдағы уақыттарда жоспарға сай жаңа білім беру ұйымдары ғимараттары, мәдениет үйлері, спорт кешендері, Жасқайрат, Қызылүй елді мекендеріне газ желісін тарту, ауылдарға жазғы су желісін тарту, жаңадан көп пәтерлі тұрғын үйлер салу жұмыстары жалғаса бермек" делінген жазбада.

- Аталған жұмыстардың барлығы да - құрылысшыларымыз бен құрылыс ұйымдарының жүйелі жұмыстарының арқасы. Сіздердің қиын да қажырлы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - дейді аудан әкім М.Мурзиев құттықтауында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз