Исатайлық спортшылар қысқы марафон өткізіп, елге алғыс айтты

Алғыс айту күніне орай Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спортшылар арасында «Қыс қызықтары» атты марафон өткізілді.

Бұқаралық спортты дамыту, қысқы спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген марафонға ұжым мүшелері белсенді қатысып, ұйымшылдықтары мен ауызбіршіліктерінің жоғары деңгейде екенін танытты. Сондай-ақ, ұжым басшысы Бұрхан Ғалымұлы да өз әріптестеріне үлгі болып, марафонға қатысушылардың қатарынан табылды.

Шара соңында жарыстың бас төрешісі Роллан Ғалымұлы барлық қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жеңімпаз жүлдегелерді және марафонға белсенді қатысқан бірқатар спортшыларды Исатай аудандық БЖСМ медалдарымен марапаттады. Сондай-ақ бүгін спорт мектебінің шәкірттері бапкерлеріне бейнежазба арқылы алғыс айтып, мерекелік құттықтаулар жолдады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT