Әр балаға 10 мың теңгеден сыйлық берді

Аққыстау ауылдық округінің әлеуметтік қызметкерлері В.Ғұбашова мен А.Балпанова Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай өздерінің қолдауындағы мүмкіндігі шектеулі 10 балаға арнап шара ұйымдастырды.

Олардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында жайылған дастарханда ақ тілектер айтылып, сыйлықтар табыстады. Мерекенің ойдағыдай өтуіне ауыл азаматтары да қол ұшын созды. Атап айтсақ, «Болат Д» ЖШС-і мекемесі атынан Жұмақұл Жаңбырбаев әр балаға 10 мың теңгеден 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетсе, Бақытжан Қадыржанов, Ертілеу Қанатбаев бастаған бір топ ауыл азаматтары мен ардагер ұстаз Роза Қарабалина да қаржылай демеушілік жасады.

b

Халқымыздағы «Берсең, балаға бер» деген сөз де болашағымыз - балаға жасалған жақсылықтың далаға кетпесін, осындай қамқорлықты іске ештеңе жетпесін айғақтап тұрғандай емес пе? Сондықтан да болса керек, ауылдастардың бұл игілікті ісіне куә болғандар да, хабар алғандар да ризашылықтарын білдірді.

Ақтоты БАЛМУЛДИНА,

Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521